Ұйымдастыру комитеті таратқан бүгінгі хабарламаға сәйкес, жарысқа Азия аймағындағы он екі елдің спортшылары мен өкілдері шақырылған.
Атап айтқанда, Ливан, Иран, Монғолия, Үндістан, Пәкістан, Непал, Қырғызстан, Өзбекстан және басқа елдер қатысатынын растаған.
Алматыда чемпионат өткізу туралы шешім Азиялық федерация комитетінің Кангвон-Лендтегі (Оңтүстік Корея) 48-ші халықаралық шаңғы конгресінде қабылданды.
Чемпионатты 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік Универсиада өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы және Қазақстан тау шаңғысы спортының федерациясы ұйымдастырған.