Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова - Бразилия турнирінің екінші ракеткасы - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова - Бразилия турнирінің екінші ракеткасы

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова - Бразилия турнирінің екінші ракеткасы

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Бразилиялық Флорианополисте өтетін WTA Brasil Tennis Cup турнирінің екінші ракеткасы болды.

  • 25 Ақпан 2013
  • 381
Фото - Caravan.kz

Vesti.kz хабарлағандай, жарыстардың бірінші ракеткасы WTA рейтингінде 21-інші орында тұрған америкалық теннисші Винус Уильямс болды.

WTA рейтингінде 32-інші орынды иеленіп тұрған Я.Шведова жарыстардың алғашқы айналымында 105-інші ракетка, венгрлік теннисші Мелинда Цинкге қарсы ойнайды.

Сондай-ақ 25 жастағы қазақстандық турнирдің жұптық кездесуінде де өнер көрсетеді. Я.Шведованың серігі испандық спортшы Анабель Медина Гарригес болады.