Бұл туралы ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.
49 келі салмақта шаршы алаңға көтерілген боксшымыз Теміртас Жүсіпов финалдық кездесуде азербайжандық спортшыны ұтып, жеңімпаз атанды. Ал 60 келі санатында «алтын» үшін жұдырықтасқан Ғани Жайлауов өкінішке орай, 2009 жылғы әлем чемпионы, болгариялық Детелин Далаклиевке небәрі 1 ұпай айырмашылықпен ұтылуға мәжбүр болды. Сондай-ақ 91 келіден жоғары салмақ санатында еліміздің намысын қорғаған Жан Кособуцкий ақтық сында беларусьтық Виктор Зуевке есе жберіп, күміс медальді қанағат тұтты.
Бұдан бөлек, халықаралық турнирде бақ сынаған спортшыларымыз Айдар Әмірзақов пен Бақытжан Қожабековтер ширек финалда сүрінді.
Естеріңізге сала кетейік, осымен 64-ші рет өткен халықаралық турнирге әлемнің 15 елінің боксшылары қатысты.