«Сарыарқа» негізгі айналымда топ жарды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Сарыарқа» негізгі айналымда топ жарды

«Сарыарқа» негізгі айналымда топ жарды

Жоғары хоккей лигасында өнер көрсететін "Сарыарқа" алғашқы кезеңде чемпион атанды.

  • 26 Ақпан 2013
  • 390
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ЖХЛ-дың ресми сайтына сілтеме жасап, alasharena.kz сайты хабарлады.

Сайттың жазуынша, 52 ойында 115 ұпай жинаған қарағандылықтар плей-офф кезеңінің алғашқы раундында пензалық «Дизельмен» кездеседі.

«Дизель» плей-офф бәсекесіне ең соңғы болып іліккен команда. Краснодарлық «Кубань» клубы «Оңтүстік Оралға» сырт алаңда есе жіберген соң, лиганы әрі қарай жалғастыруға мүмкіндік алған «Дизельді» біздің жігіттер негізгі айналымда екі мәрте жеңіп кеткен. «Сарыарқадан» бөлек, Өскеменнің «Қазцинк Торпедосы» да ЖХЛ-дың 1/8 айналымына жолдама алды.

Жоғарғы хоккей лигасы, плей-офф:

«Сарыарқа» — «Дизель»

«Торос» — «Қазцинк Торпедо»

«Оңтүстік Орал» — «Ариада Акбарс» (кездесулер наурыздың 2, 3, 6, 7, 10 күндері өтеді)

* * *

«Рубин» — «ХК Саров»

«Нефтяник» — «Молот — Прикамье»

«Спутник» — «Динамо»

«Ермак» — «Лада» (кездесулер 3, 4, 7, 8, 11 наурыз күндері өтеді)

ЖХЛ-дың плей-офф кезеңінде 3 мәрте жеңіске жеткен команда ширек финалға жолдама алады. Ал, ширек финал, жартылай финал және финалдық сында 4 рет жеңіске жеткен команданың жолы ашық болмақ. Қола медаль үшін матч өткізілмейді. Негізгі айналымда жақсы өнер көрсетіп, жартылай финалда сүрінген командалардың біріне үшінші орын бұйырады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера