Оның қорытындысы бойынша Шымкенттің «Динамо-Қазығұрт» 21 ойыннан кейін 58 ұпаймен алда келеді. Оларды өкшелеп келе жатқан Алматының «Ұшқын-ҚазҰАУ» командасының 1 ұпайы ғана кем. Үздік үштікті түйіндеген өскемендіктерде («Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс-2») 36 ұпай бар. Одан кейінгі орында 35 ұпаймен «Павлодар-2» (Павлодар), 24 ұпаймен «Есіл-Виктория» (Қызылжар) және 14 ұпайдан жинаған «Жайық-Конденсат» (Орал), «ВСМА АрселорМиттал» (Теміртау), «Семей» (Семей) волейболшылары келеді.
Келесі тур 16-25 наурыз күндері Өскеменде болады. Бұған дейін 1-ші тур 23-29 қарашада Алматыда, 2-ші тур 19-26 желтоқсанда Теміртауда өткен еді. Онда бірінші турда алматылықтар басым түссе, одан кейінгі 2 турда шымкенттіктер үздік шықты.