Допты хоккейден ҚР ІІІ қысқы спартакиадасы аясында өткен жарыста БҚО құрамасы жеңіске жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
+7 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Допты хоккейден ҚР ІІІ қысқы спартакиадасы аясында өткен жарыста БҚО құрамасы жеңіске жетті

Допты хоккейден ҚР ІІІ қысқы спартакиадасы аясында өткен жарыста БҚО құрамасы жеңіске жетті

27 ақпан күні Оралдағы «Жастар» стадионында ҚР ІІІ қысқы спартакиадасы аясында допты хоккей жарысы мәреге жетті.

  • 28 Ақпан 2013
  • 366
Фото - Caravan.kz

Финалда Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан құрамалары кездесіп, алтын жүлдені сарапқа салды. Бұл ойында оралдықтар қарсыластарын бет қаратпай ұтып, 10:0 есебімен жеңіске жетті. Сақа ойыншы Сергей Уланов пен Дмитрий Пономаренко қарсыластар қақпасына үш доптан енгізсе, Болат Мұхит, Николай Болдырев, Андрей Малышев, Дмитрий Кармак бір-бірден гол соқты.

Үшінші орын үшін бәсекеде ақтөбеліктер солтүстікқазақстандықтарды 2:1 есебімен ұтып, қола жүлдегер атанды.

Жалпы, турнирге Алматы қаласы мен еліміз облыстарынан тоғыз команда қатысты.

Бұдан бұрын 2005 жылы Қарағандыда, 2009 жылы Оралда өткізілген қысқы спартакиада ойындарында да БҚО құрамасы жеңімпаз атанған болатын.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера