Футбол: «Ақжайыққа» белгілі армян бапкері П.Галстян келді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
+7 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Футбол: «Ақжайыққа» белгілі армян бапкері П.Галстян келді

Футбол: «Ақжайыққа» белгілі армян бапкері П.Галстян келді

Анталияда жаңа маусымға дайындалып жатқан «Ақжайық» командасын жаттықтыруға тәжірибелі армян бапкері Погос Галстян шақырылды.

  • 28 Ақпан 2013
  • 364
Фото - Caravan.kz

«Ақжайық» футбол клубынан Арсен Ғұбашевтің хабарлағанындай, ол белгілі клубтарда доп теуіп қана қоймай, Ресейдің командаларын баптаған. Спорт шебері, «ПРО» санатының иегері. Ол 1996-2001 жылдары 16 жасқа дейінгі Армения командасы ойыншыларын жаттықтырды, сонымен қатар ұлттық құрама бапкерінің көмекшісі де болды.

Биыл «Ақжайықты» баптауға бірнеше адам ниет білдірген болатын. Белорус маманы Владимир Гольмак кеткеннен кейін өткен жылғы маусымда команданы жаттықтырған литвалық Саулюс Ширмялис пен чех Йозеф Шкрлик келген еді. Бірақ олар соңғы сәтте келісімшартқа қол қоюдан бас тартты.

Қазіргі кезде барлық ойыншылармен келісімшартқа қол қойылды. Олардың арасында жергілікті футболшылар да бар. Сонымен қатар Игорь Зенькович, Якуб Хлебоун, Павел Черны қатарын өткен жылы «Ақжайықта» ойнаған Евгений Коструб пен Константин Зотов толықтырды. Өткен жылы «Қайраттың» намысын қорғаған Илья Воротниковты ғана жаңадан келген ойыншы деуге болады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера