«Жетісулық» волейболшы қыздардың Ұлттық лигадағы жеңісті сериясына 25 ай толды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Жетісулық» волейболшы қыздардың Ұлттық лигадағы жеңісті сериясына 25 ай толды

«Жетісулық» волейболшы қыздардың Ұлттық лигадағы жеңісті сериясына 25 ай толды

Павлодарда 23-27 ақпан күндері волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командаларының ХХІ Қазақстан чемпионатындағы 4-ші тур ойындары өтті. Асқар Шалқыбеков жаттықтыратын «жетісулықтар» (Талдықорған) онда өзінің жеңісті сериясын жалғастырып, 16 кездесуден кейін ұпай қорын 45-ке дейін жеткізді. Олар 25 айдан бері ел чемпионатындағы 70 және ел кубогындағы 18 матчта барлық қарсыластарынан басым түсіп отыр.

  • 28 Ақпан 2013
  • 394
Фото - Caravan.kz


Қазір 4 турдың қорытындысы бойынша талдықорғандықтар турнир кестесінде «астаналықтардан» — 16, павлодарлықтардан («Ертіс-Қазхром») — 24, «алматылықтардан» — 32, «қарағандылықтардан» — 33 ұпайға ұзап кетті. Енді келесі тур 21-25 наурызда Қарағандыда болады. Бұған дейін 1-2 тур 25-29 қараша мен 22-26 желтоқсан күндері Алматы қаласында, ал 3-ші тур 25-29 қаңтарда Щучинск қаласында өткен болатын.