деп хабарлады BBC Russian.
«Мен аштық жариялау арқылы Халықаралық олимпиада комитеті атқарушы комиссиясының ұсынысына қарсылық білдіремін. Күрес олимпиада бағдарламасында үнемі болып келді және оны алып тастау дұрыс емес», — деп атап өтті А.Назарян Ресейдің Спорт күресі федерациясының сайтында жарияланған үндеуінде. Оның айтуынша, аштық акциясына еркін күрестен Болгария құрамасының жаттықтырушысы да қосылатын болады. Назарян Тбилисиде күрестен Еуропа чемпионаты басталатын күн — 22 наурызға дейін тек сироп ішуге уәде етті.
1996 жылы Назарян Атлантыда өткен Олимпиада ойындарында Армения туының астында өнер көрсетіп, алтын медальға ие болды. Кейін ол Болгарияға көшіп кетті, қазір жарыстарға осы елдің атынан шығуда. 2000 жылы ол кезекті рет Олимпиада чемпионы атанды. Бұдан бөлек ол әлемнің үш дүркін чемпионы және Еуропаның алты дүркін чемпионы болып табылады.