Шахматтан Әлем чемпионаты: Қазақстан мен АҚШ командалары тең түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шахматтан Әлем чемпионаты: Қазақстан мен АҚШ командалары тең түсті

Шахматтан Әлем чемпионаты: Қазақстан мен АҚШ командалары тең түсті

Астанадағы «Думан» қонақүйінде өтіп жатқан әйелдер арасындағы шахматтан Әлем чемпионатында Қазақстанның құрамасы АҚШ шахматшыларымен тең ойнады.

  • 4 Наурыз 2013
  • 420
Фото - Caravan.kz

Бұл додада ел намысын қорғап жатқан Гүлісхан Нахбаева және Динара Сәдуақасова кешегі ойында қарсыластарымен тең түссе, Мәдина Дәулетбаеваның жеңісі қазақстандық команданы алға шығарған еді. Алайда Гүлмира Дәулетова ұтылып қалды. Есеп — 2:2. Ал әлем чемпионы — Қытай құрамасы француздарды айқын басымдықпен жеңді. Сондай-ақ, Ресей — Румынияны, Грузия — Түркияны, ал Украинаның шахматшы қыздары Үндістанды ұтты.

Бүгін Үндістан — Франция, Грузия — Қытай, Украина — Румыния және АҚШ — Түркия ойындары өтеді. Ал қазақстандықтар Ресей құрамасымен кездеседі.

Естеріңізге сала кетейік, Астанадағы «Думан» қонақүйінде өтіп жатқан әйелдер арасындағы шахматтан Әлем чемпионатының ойындарын www.worldchess.kz сайтынан он-лайн режимінде көруге болады.