«Жыл спортшысы - 2012» байқауының жеңімпаздары ұлықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
+8 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Жыл спортшысы - 2012» байқауының жеңімпаздары ұлықталды

«Жыл спортшысы - 2012» байқауының жеңімпаздары ұлықталды

Өткен сенбі күні Астанада «Жыл спортшысы - 2012» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанатты шарасы өтті.

  • 4 Наурыз 2013
  • 660
Фото - Caravan.kz

ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Жыл спортшысы» аталымында ХХХ жазғы Лондон Олимпиадасы ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері Серік Сәпиев, Илья Ильин, Александр Винокуров, Ольга Рыпакова, Майя Манеза, Зульфия Чиншанло, Светлана Подобедова, Әділбек Ниязымбетов, Даниял Гаджиев, Марина Вольнова, Гюзель Манюрова, Иван Дычко және Ақжүрек Таңатаров жеңімпаз атанды.

«Жылдың үздік жаттықтырушысы» атағымен Алексей Ни (С.Подобедованың жеке бапкері), Виктор Ни (М.Манеза мен З.Чиншанлоның жеке бапкері), Тойшан Бектеміров (И.Ильиннің жеке бапкері), Сергей Кручин (А.Винокуровтың жеке бапкері), Сергей Алексеев (О.Рыпакованың жеке бапкері), Александр Стрельников (С.Сәпиевтің жеке бапкері), Марат Жакиев (Ә.Ниязымбетовтің жеке бапкері), Марат Тұрлыханов (Д.Гаджиевтің жеке бапкері), Берік Мыржықпаев (М.Вольнованың жеке бапкері), Сәкен Аязбеков (Г.Манюровың жеке бапкері), Владимир Шайрер (И.Дычконың жеке бапкері), Әділет Сарыбаев (А.Таңатаровтың жеке бапкері) марапатталды.

Сонымен қатар «Үздік спорттық ұйым» аталымында ҚР Ауыр атлетика федерациясы, ҚР Әуесқой бокс федерациясы және ҚР Велоспорт федерациясы үздік танылды.

Ал «Үздік спорттық өңір» ретінде Алматы, Қарағанды және Қызылорда облыстары аталды.

«Жыл меценаты» атағы ХХХ жазғы Олимпиада ойындары кезінде Қазақстан ұлттық құрамасының ресми әріптесі болған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ына берілді.

Сондай-ақ, салтанатты шара барысында бұқаралық ақпарат құралдарындағы үздік жарияланым үшін Сейдахмет Бердіқұлов атындағы жылсайынғы сыйлықтың қорытындысы шығарылды. Онда «Қазақ спорты» газетінің бас редакторы Төлеубек Қадырмолла, «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Алмас Манап және «Хабар» агенттігінің тілшісі Галина Полевая жеңімпаз атанды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера