Жансая Әбдімәліктің жеңісі мен Гүлмира Дәулетованың тең ойынынан кейін кездесудің қорытындысын үшінші тақтадағы ойын шешті. Онда Мәдина Дәулетбаева мен Наталья Жукова сайысты. Ұзаққа созылған ойында Жукова мықты атанып, отандастарына жеңіс әкелді.
Ертең қазақстандық қыздар екі турдан кейін 2,5 ұпай жинаған румыниялық шахматшылармен ойнайды.
Шахмат. Командалық әлем чемпионаты. Әйелдер.
Үшінші тур. Астана (Қазақстан)
Қазақстан — Украина — 1,5:2,5
Гүлісхан Нахбаева — Катерина Лагно — 0:1;
Гүлмира Дәулетова — Анна Ушенина — 0,5:0,5;
Мәдина Дәулетбаева — Наталья Жукова — 0:1;
Жансая Әбдімәлік — Инна Гапоненко — 1:0.