Африкада қазақ күресінен чемпионат өткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Африкада қазақ күресінен чемпионат өткізілді

Африкада қазақ күресінен чемпионат өткізілді

26 ақпан - 3 наурыз күндері аралығында Оңтүстік Африка Республикасының Кейптаун қаласында ұлттық спорт түрі - қазақ күресінен ересектер арасында Африка чемпионаты өтті, деп хабарлайды ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің баспасөз қызметі.

  • 6 Наурыз 2013
  • 489
Фото - Caravan.kz

Чемпионатқа «Қара құрлықтың» Оңтүстік Африка Республикасы, Зимбабве, Ботсвана, Свазиленд, Габон, Нигерия сынды мемлекеттерінен 30 спортшы қатысты.

Чемпионат 60, 70, 90, + 90 келі салмақ дәрежелері бойынша өткізілді. Сонымен қатар, біріншілік кезінде оқу-жаттығу, тренинг және төрешілерге арналған семинар өткізілді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

60 килограмм

1 орын — Стефан Филлипс (Оңтүстік Африка Республикасы)

2 орын — Таванда Манганганга (Зимбабве)

3 орын — Вилбур Влул (Оңтүстік Африка Республикасы)

3 орын — Майкл Пелономи (Ботсвана)

70 килограмм

1 орын — Мусса Анафи (Зимбабве)

2 орын — Абдул Гакем Хаузер (Оңтүстік Африка Республикасы)

3 орын — Дольфвандер Весшуйзер (Оңтүстік Африка Республикасы)

3 орын — Сипхо Малаза (Свазиленд)

90 килограмм

1 орын — Эдсон Пиндза (Габон)

2 орын — Джордж Атоеби (Нигерия)

3 орын — Абубакр Петерсен (Оңтүстік Африка Республикасы)

3 орын — Варрен Коопман (Оңтүстік Африка Республикасы)

+ 90 килограмм

1 орын — Дин Пиетерсен (Оңтүстік Африка Республикасы)

2 орын — Виктор Гвебу (Свазиленд)

3 орын — Самуэль Амиго Рамаеба (Ботсвана)

3 орын — Кобе Тернта (Оңтүстік Африка Республикасы)