Вьетнам телевидениесі кубогы халықаралық турнирінде қарағандылық волейболшылар жартылай финалға шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
+10 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Вьетнам телевидениесі кубогы халықаралық турнирінде қарағандылық волейболшылар жартылай финалға шықты

Вьетнам телевидениесі кубогы халықаралық турнирінде қарағандылық волейболшылар жартылай финалға шықты

Вьетнамның Гиа Лай қаласында волейболдан әйелдер арасында өтіп жатқан "Вьетнам телевидениесі кубогы" VII Халықаралық турнирінің топтық сайыстары өтуде.

  • 6 Наурыз 2013
  • 372
Фото - Caravan.kz

Онда ел намысын қорғап жатқан «Қарағанды» командасы қазір «А» тобында 6 ұпаймен көш бастап келе жатыр. Нұрлан Садықов жаттықтыратын қарағандылықтар алғашқы ойында вьетнамдықтардың «VTV-Binh Điền Long An» командасы мен Австралия құрамасын 3:0 есебімен ұтты. Ертең енді жарыс қожайындарының «VietsovPetro» командасымен кездеседі. Олардың да қоржынында 6 ұпай бар. Егер бұл ойында «қарағандылықтар» басым түссе, 9 наурызда жартылай финалда «В» тобында 2-ші орын алған командамен, ал екінші орын алса, «В» тобының жеңімпазымен кездеседі. Қазір бұл топта 5 ұпаймен Вьетнамның өнеркәсіп және коммерция банкінің «Ngân hàng Công thương» командасы көш бастауда. Одан кейінгі орындарда 2 ұпаймен Оңтүстік Кореяның «Yang Sang» командасы мен әзірге қоржыны бос келе жатқан жарыс қожайындарының «Tân Bình» командасы келе жатыр.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера