Шахматтан Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы Румыниямен тең түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
+8 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шахматтан Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы Румыниямен тең түсті

Шахматтан Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы Румыниямен тең түсті

Астанадағы «Думан» қонақүйінде өтіп жатқан әйелдер арасындағы шахматтан Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Румыниямен тең түсті.

  • 7 Наурыз 2013
  • 394
Фото - Caravan.kz

Бірінші кездесуде Динара Сәдуақасова румыниялық Елена Люминита Космамен тең ойнаса, екінші ойында Гүлмира Дәулетова ұтылып қалды. Румыния құрамасы 1,5 ұпаймен алға шығып, Қазақстан құрамасын (0,5 ұпай) артта қалдырған еді. Алайда команда капитаны Гүлісхан Нақбаева намысты қолдан берген жоқ. Ол өз қарсыласы Кристина Адель Фойшерді қыспаққа алып, 48-ші жүрісте румыниялық шахматшыны мойындатты. Сонымен жалпыкомандалық есеп теңесті. Біздің жас спортшымыз Жансая Әбдімәлік болса, өз ойынын тең аяқтады. Екі команда да 0,5 ұпайдан жинап, 2:2 есебімен кездесуді тәмамдады.

Бүгін Қазақстан құрамасы Үндістан командасымен күш сынасады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера