Қарағандылық волейболшылар Вьетнам кубогы халықаралық турнирінің ақтық финалына шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандылық волейболшылар Вьетнам кубогы халықаралық турнирінің ақтық финалына шықты

Қарағандылық волейболшылар Вьетнам кубогы халықаралық турнирінің ақтық финалына шықты

"Қарағанды" волейбол клубы Гиа Лай қаласында өтіп жатқан 7-ші Вьетнам телевидениесі кубогы халықаралық турнирінің ақтық сынында өнер көрсетуде.

  • 11 Наурыз 2013
  • 405
Фото - Caravan.kz


2 наурыз күні басталған бұл дүбірлі додаға жарыс қожайындарынан басқа Қазақстан мен Оңтүстік Кореядан бір-бірден, ал Австриядан ұлттық құрама команда қатысты. Ел намысын қорғаған қарағандылықтар іріктеу сайысында «А» тобындағы барлық қарсыластарын ойсырата ұтып, жеңімпаз атанды. Ал жартылай финалда «В» тобында 2-ші орын алған вьетнамдықтардың «Ngân hàng Công thương» командасын 3:2 есебімен ұтты. Олардың ақтық финалдағы қарсыласы «В» тобының жеңімпазы болған жарыс қожайындарының «TT Liên Việt Bank» командасы болмақ. Олар жартылай сында «А» тобында екінші орын алған өздерінің жерлестері «VietsovPetro» командасын 3:1 есебімен ұтқан болатын. Енді топтық кезеңнің жеңімпаздары кубок үшін, ал екінші орын алған қос команда 3-ші орын үшін таласуда.