Футболдан Түркиядағы халықаралық турнирде Ақтаудың «Каспий» командасы жартылай финалда өнер көрсетуде - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Футболдан Түркиядағы халықаралық турнирде Ақтаудың «Каспий» командасы жартылай финалда өнер көрсетуде

Футболдан Түркиядағы халықаралық турнирде Ақтаудың «Каспий» командасы жартылай финалда өнер көрсетуде

Футболдан Түркияның Анталия қаласында өтіп жатқан «Түрік демалыстары» халықаралық турнирінде 2000 жылғы жасөспірімдер арасында бақ сынап жатқан қазақстандық 3 команда да өз топтарында 2-ші орын алды.

  • 29 Наурыз 2013
  • 385
Фото - Caravan.kz

Атап айтқанда, «А» тобында бақ сынаған Ақтаудың «Каспий» футболшылары Мәскеудің «ФШМ» командасына 4:0 боп ұтылғанымен, Мытищинский ауданының балалар мен жасөспрімдер спорт мектебінің аяқдопшыларын 2:0 есебімен ұтты. «С» тобында ойнаған Алматының «Қайраты» Мәскеудің «Рублева» командасынан 2:0 есебімен басым түсіп, Мәскеу облысының «Мастер-Сатурн» командасынан 0:4 боп ұтылды. Ал «Д» тобында өнер көрсеткен Алматы қаласындағы №2 дарынды балалаларға арналған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқушылары Иркутск қаласының «Жас динамошыларын» 1:0 етіп ұтып, Мәскеудің «Торпедосынан» 1:2 боп сүрінді.

Ширек финалда ақтаулықтар Краснодардың №5 дарынды балалаларға арналған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқушыларымен ойынның негізгі уақытында (1:1) тең ойнап, пенальти кезінде 3:1 есебімен басым түсті. Бүгін олар енді жартылай финалда «Қайратты 2:3 есебімен ұтқан Мәскеудің «Торподосымен» кездеседі.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера