Игорь Никольченко жаттықтыратын оралдықтар алдымен Өскеменнің «ШығысҚорғасынҚұрылысын» 3:0 есебімен тізе бүктірді. Содан кейін өзінің негізгі қарсыластарының бірі «Атырау» мен Петропавлдың «Есілін» 3:1 есебімен ұтты.
Сөйтіп 50 ұпай жинаған «Конденсат» үшінші орында нық тұр. Төртінші орындағы «Павлодардың» 43 ұпайы бар. Сонымен бірге 53 ұпай жинаған Хромтаудың «ТНК «Казхром» командасы қол созым жерде тұр. Бірінші орында 58 ұпаймен бұрынғысынша ел чемпионы «Алматы» командасы келеді.
Қалған кездесулерін оралдықтар «Павлодар», «Алматы», «ТНК «Казхром» командаларымен өткізеді.
Чемпионат 4 сәуірде мәреге жетіп, жеңімпаз-жүлдегерлер анықталады.