Конькимен мәнерлеп сырғанаушы Абзал Рақымғалиев Словениядағы турнирде «күміс» еншіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 462.31
  • 536.09
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
31 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Конькимен мәнерлеп сырғанаушы Абзал Рақымғалиев Словениядағы турнирде «күміс» еншіледі

Конькимен мәнерлеп сырғанаушы Абзал Рақымғалиев Словениядағы турнирде «күміс» еншіледі

Конькимен мәнерлеп сырғанаудан қазақстандық спортшы Абзал Рақымғалиев Словенияның Бледінде өтіп жатқан Triglav Trophy турнирінде ерлердің жеке сырғанауында екінші орын алды.

  • 1 Сәуiр 2013
  • 566
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Vesti.kz. хабарлады.

Қысқа және еркін бағдарламаларда А.Рақымғалиев барлығы 182,20 балл еншіледі. Турнирде 210,15 балмен ресейлік Артур Гачинский бірінші болды. Үшінші орынға 177,43 балл жинаған жапондық Дайсуке Мураками орналасты.
Өткен жылы А.Рақымғалиев Triglav Trophy турнирінде алтын медаль иеленген болатын, ал 2011 және 2009 жылдары жарыстардың қола жүлдегері атанды.