Жан Кособуцкий 91 келіден жоғары салмақ дәрежесінде жеңімпаздар тұғырының ең жоғары сатысына көтерілді. Ол финалда өзбек спортшысын айтарлықтай басымдықпен жеңді, ал оның алдыңғы екі кездесуді осындай айқын басымдықпен уақытынан бұрын аяқтады.
Күміс жүлделерді Бақытжан Қожабеков (69 келі) пен Алмат Серімов (81 келі) қанжығаларына байлады. Олардың екеуі де алтын медальға лайықты үміткер болғанын атап өту керек.
Б. Қожабековтың ақтық күресі бірінші раундтан кейін секундантпен тоқтатылды, себебі біздің спортшы жартылай финалда қолынан жарақат алып, жарысты жалғастыра алмады. Соған қарамастан, ол турнирдің ең үздік боксшысы атанды. Ал А.Серімов финалдық қызу күресте Украина құрамасының бірінші нөмірлі спортшысы, ел чемпионы, студенттер арасындағы 2012 жылғы әлем чемпионы Александр Ганзуледен жеңілді. Қола жүлдені Теміртас Жүсіпов қанжығасына байлады (49 келі).
Қазақстан атынан турнирге жеті спортшы қатысты.
Жеңілістің ащы дәмін — екінші айқаста ұтылып қалған Рустам Рустамов (56 келі), бірінші кездесуде 2011 жылғы әлем чемпионы, ХХХ жазғы Олимпиада ойындарының қатысушысы украиналық Евгений Хитровтан жеңілген Ерік Әлжанов (75 келі) және жастар арасындағы Еуропа чемпионатының финалисі, украиналық спортшы Геворгу Манукуяға ұтылған Ақмола облысының өкілі — Мәди Хабиев (91 келі) татты.
Турнирге барлығы 11 елден 118 боксшы қатысты.