Алматыда Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесі үшін грек-рим күресінен жасөспрімдер арасындағы республикалық турнир өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесі үшін грек-рим күресінен жасөспрімдер арасындағы республикалық турнир өтеді

Алматыда Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесі үшін грек-рим күресінен жасөспрімдер арасындағы республикалық турнир өтеді

6-7 сәуір күндері Алматыда КСРО еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесі үшін грек-рим күресінен 1996-1998 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы Республикалық турнир өтеді.

  • 4 Сәуiр 2013
  • 771
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР күрес федерациясының баспсөз қызметі хабарлады.

Биыл аталмыш жарыс осымен 14-рет өткелі тұр және оның басты ерекшелігі — Ашық деп аталуында. Демек, еліміздің барлық өңірлері мен спорт мектептерінен бөлек турнирге өзге елдердің балуандары да ат басын бұрмақ. Бүгінгі күнге жарысқа қатысуларын нақтылаған Беларусь, Өзбекстан және Қырғызстан командалары. Оған қоса жыл сайын біздің бапкерлер үшін бұл біріншілік Азия және әлем чемпионаты сияқты маңызды жарыстарға құрамды анықтайды.
Балғын балуандар 42 кг, 46 кг, 50 кг, 54 кг, 58 кг, 63 кг, 69 кг, 76 кг, 85 кг және 100 кг салмақ дәрежелері бойынша күш байқасады. Қалыптасқан дәстүр бойынша осы демалыста күрес залында даңқты палуанымыз Дәулет Болатұлының тойына белгілі балуандар, спорт ардагерлері және басқа да құрметті қонақтар бас қосады.
Жыл сайын Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесі үшін өткізілетін турнир үздік балуандарды анықтап, кейін дәл сол спортшылар өз жолдарын тауып, үлкен жетістіктерге қол жеткізіп жатады. Жеңіс тұғырына қазіргі ұлттық құраманың балуандарының біразы көтерілген. Олардың арасында: әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері, Азия чемпионы Алмат Кебісбаев, әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, Азия Ойындарының жеңімпазы Нұрмахан Тінәлиев және тағы басқалары бар.

Былтырғы жарыста бас жүлдені қанжығаларына байлағандар: Фидахметов Ернар (ШҚО), Меден Арслан («Дәулет» СМ), Нұрым Төре (Алматы обл), Қуандық Мират (СҚО), Фатеев Вячеслав (Павлодар обл), Шахарбек Рахман (Алматы обл), Акиев Хусеин (Қарағанды обл), Муцольгов Хусеин (Қарағанды обл), Еспенбетов Бақдәулет (ОҚО), Біржанов Аян (Қостанай обл).

Дәулет Тұрлыханов — әлем чемпионы (1989), әлем чемпионатының күміс жүлдегері (1993), Еуропа чемпионы (1987), Азия чемпионы (1995), Олимпиада Ойындарының күміс (1988) және қола (1992) жүлдегері, КСРО жеті дүркін чемпионы, әлем Кубогының екі дүркін иегері, КСРО халықтар Спартакиадасының жеңімпазы (1991), ХІІ Азия Ойындарының жеңімпазы (1994). Педагогика ғылымдарының кандидаты, қауіпсіздік, қорғаныс және тәртіп мәселелері Академиясының академигі, Қазақстан күрес федерациясының құрметті президенті және ФИЛА Бюросының мүшесі.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера