Алматылық волейболшылар Азия чемпионатына қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылық волейболшылар Азия чемпионатына қатысады

Алматылық волейболшылар Азия чемпионатына қатысады

Алматыда 28 наурыз бен 4 сәуір аралығында волейболдан ерлер арасында Ұлттық лигадағы ХХІ Қазақстан чемпионатының ақтық 5-ші тур ойындары өтті.

  • 5 Сәуiр 2013
  • 397
Фото - Caravan.kz

Бұл жарыста қатарынан 6-шы рет жеңімпаз атанған «Алматы» командасы енді 21-28 сәуірде Иранның Тегеран қаласында өтетін клубтық Азия чемпионатында ел намысын қорғайтын болды.

11 қарашада басталған ел чемпионатында 7 команда арасында 105 матч өткізілген болатын. Онда 30 ойында «алматылықтар» — 67, хромтаулықтар («ТНК Қазхром») — 61, оралдықтар («Конденсат») — 58, «павлодарлықтар» — 46, «атыраулықтар» — 42, «қызылжарлықтар («Есіл») — 21, өскемендіктер («Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс») 20 ұпай жинады. Ал маусымның қорытындысы бойынша атыраулық Қайрат Байбек «үздік либеро», Нариман Әубәкіров пен павлодарлық Сергей Троцкий «үздік орталық тосқауылшы», хромтаулық Алексей Романко «ең бағалы ойыншы», алматылық Алексей Гутор мен оралдық Виталий Вориводин «үздік шабуылшы», оралдық Сергей Щавинский «үздік байланыстырушы» деп танылды.

Жалпы биылғы ел чемпионатында 11-18 қарашада Хромтауда өткен 1-ші турда «Алматы» мен «Атырау», 8-15 желтоқсанда Павлодарда болған 2-ші турда «Конденсат» пен «Алматы» жеңімпаз атанған еді. 18-15 ақпанда Өскемендегі 3-ші турда «ТНК Қазхром» дара шықса, 6-13 наурызда Атыраудағы 4-ші турда «Алматы» мен «ТНК Қазхром» қатар келіп, ал Алматыдағы ақтық турда «Конденсат» үздік атанды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера