«Астана арландары» жартылай финалдық кездесуін Мексикада өткізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Астана арландары» жартылай финалдық кездесуін Мексикада өткізеді

«Астана арландары» жартылай финалдық кездесуін Мексикада өткізеді

«Астана арландары» 12 сәуір күні Мексикада жергілікті боксшылармен WSB додасының жартылай финалдық кездесуін өткізеді.

  • 8 Сәуiр 2013
  • 358
Фото - Caravan.kz

Осы кездесу алдында қос команда матчқа қатысатын боксшыларын есімін жариялады, деп хабарлайды «Аламан».

50 келіде Мейірболат Тойытов мексикандық Элиас Эмигдомен шаршы алаңға шығады. 61 келіге дейін салмақтаХуан Ромеро Ержан Мүсәпіровпен кездеседі.

73 келіге дейінгі салмақта мексикалық Маруин Кабрера қазақстандық Әбуәзит Үгіршиевпен рингке шықса, 85 келіде «арландар» намысын қорғайтын хорват Хрвоже Сеп Исаак Муноспен (Мексика) жекпе-жекке шығады.

Аса ауыр салмақта тағы бір хорват Филипп Хрковичке үміт артылып отыр. Ол пуэрто-риколық Херардо Бисбалмен күш сынасады.

Айта кетер жайт, екінші жартылай финалда Италия мен Украина кездеседі.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера