ҰОС ардагері мен жұбайын өлтірген күдіктілердің бірі 9-шы сынып оқушысы - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҰОС ардагері мен жұбайын өлтірген күдіктілердің бірі 9-шы сынып оқушысы

ҰОС ардагері мен жұбайын өлтірген күдіктілердің бірі 9-шы сынып оқушысы

Алматы облысы Сарқан аудандық ІІБ-нің қызметкерлері зейнеткерлердің өліміне қатысты қылмыстық істің бетін ашты.

  • 10 Сәуiр 2013
  • 421
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметтерінде хабарланды.

«Наурыз айының соңында өз үйлерінен мойнында кесілген жарақаты бар 77 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері мен оның 75 жастағы жұбайының мәйіттері табылды. Аталған қылмыс жөнінде полицияға жәбірленушілердің көршісі хабар берген», — делінген хабарламада.

Облыстық ІІД криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру шаралары кезінде Талдықорған қаласында 23 жастағы жергілікті тұрғын мен кәмелеттік жасқа толмаған мектеп-гимназияның 9-сынып оқушысы құрықталды. Олар 29 наурызда күндіз зейнеткерлердің үйіне ұрлыққа түсіп, оның соңы адам өлімімен аяқталған.

Үйден ақша таппаған қаскөйлер соғыс ардагерінің әскери марапаттарын қолды қылған. Күдіктілердің үлкенінің үйін тінту барысында полиция қызметкерлері Ұлы Отан соғысы қатысушысының 2 медалін, бірнеше төсбелгілерді, сондай-ақ қылмыс жасалған пышақты тапты.

Күдіктілер қамауға алынып, олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера