«Қазцинк - Торпедо» хоккей клубының бас бапкерлік қызметі бос тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазцинк - Торпедо» хоккей клубының бас бапкерлік қызметі бос тұр

«Қазцинк - Торпедо» хоккей клубының бас бапкерлік қызметі бос тұр

Өскемен қаласының «Қазцинк - Торпедо» хоккей клубы бас бапкерлік қызметке кәсіби маман алу бойынша қатарынан бірнеше келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл туралы «Қазцинк» ЖШС әкімшілік мәселелер жөніндегі вице-президенті Андрей Лазарев мәлім етті.

  • 10 Сәуiр 2013
  • 418
Фото - Caravan.kz

«Хоккейдің кезекті кезеңі аяқталды. Енді, біз бас бапкерлікке сай келетін маманды іздеуге кірістік. Бұл — басты мәселе. Осы қызметтен үміткер барлық азаматтардың өтініштерін облыс әкімімен бірге талқылайтын боламыз», — деп атап көрсетті А.Лазарев. «Қазцинк — Торпедо» хоккей клубынан хабарлағандай, онымен бірге команданы қаржыландыру мәселесі де қаралатын болады. Бүгінде бірлескен қаржыландыру тетігі ұсынылып отыр. Оған сәйкес, Өскемен қаласының клубын «Қазцинк» компаниясымен бірге облыс әкімдігі қаржыландырады.

Айта кетейік, бүгінде «Қазцинк — Торпедо» командасы Ресейдің Жоғары хоккей лигасында өнер көрсетіп жүр. Биыл ол жарты жолда сүрініп, ақтық сындарға өтпей қалды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера