Қарағандылық волейболшылар Вьетнам кубогы халықаралық турнирінің күміс жүлдегері атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандылық волейболшылар Вьетнам кубогы халықаралық турнирінің күміс жүлдегері атанды

Қарағандылық волейболшылар Вьетнам кубогы халықаралық турнирінің күміс жүлдегері атанды

"Қарағанды" волейбол клубы Гиа Лай қаласында осымен 7-ші рет өткізілген Вьетнам телевидениесі кубогы халықаралық турнирінің күміс жүлдегері атанды. Былтыр бұл жарыста ел құрамасы 5-ші орынды қанағат тұтқан болатын. Бұл жолы ел намысын қорғағаған қарағандылықтар топтық сында және жартылай финалда барлық қарсыластарынан басым түсіп, тек ақтық сайыста ғана жарыс қожайындарының «TT Liên Việt Bank» командасына 2:3 (17-25, 25-20, 22-25, 25-19, 11-15) есебімен ұтылды.

  • 11 Сәуiр 2013
  • 360
Фото - Caravan.kz


Жүлде қоры 26 000 долларды құрайтын бұл жарыста кубок иегері 12 мың, күміс жүлдегер 7 мың, ал қола жүлдегер 5 мың доллар сыйақы алды. Онда 3-ші орын болған ойныда жартылай сында қарағандылықтарға 2:3 есебімен ұтылған жарыс қожайындарының «Ngân hàng Công thương» командасы вьетнамдықтардың келесі бір «VietsovPetro» командасын 3:0 есебімен ойсыра ұтты. Ал олардың «VTV-Binh Điền Long An» мен Оңтүстік Кореяның «Yang Sang» және Австралия құрамасы мен вьетнамдықтарлың «Tân Bình» командасы 5-8 орынды өзара бөлісті.