Шара нәтижесінде жасақталған жұптар халықаралық доданың әлемдік тобына өту үшін бақ сынасады. Нәтижесінде Рафаель Надаль өнер көрсететін Испания құрамасы Украина теннисшілерімен кездесетін болды. Хорватия құрамасы ұлыбританиялықтармен бақ сынасса, Германия құрамасы Бразилия спортшыларымен сынға түседі. Ал Қазақстан құрамасынан жеңілген Австрия голландиялық теннисшілерімен кездеседі.
Айта кетейік, жерлестеріміз жарысты бірден жоғары топта бастайды, деп хабарлайды 24.kz.