Бұл туралы astana.kz сайтына Астана әкімдігінің «Жігер» спорт клубынан мәлім етті.
Киокушинкай — кан каратэ бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты 2013 жылдың 14 сәуірінде Атырау қаласында балалар, жастар мен жасөспірімдер, және әйелдер мен ерлер арасында өтті.
Турнирге Астана, Семей, Көкшетау, Қызылорда, Ақтау, Атырау, Тараз, Алматы, Павлодар, Петропавл сияқты 10 қаладан және Астрахан мен Краснодар қалаларынан спортшылар келді.
Тұтастай алғанда, турнирге 300 спортшы қатысты. Төрешілер жарысты үш татамида бағалады.
Спорт клубтың хабарлауынша, командалық есепте Астана І орынға шықты. Күмісті жалпыкомандалық есепте Көкшетау спортшылары, ІІІ орынды Атырау спортшылары қанжығаларына байлады.