Күрес: Азия Федерациясына Қазақстан өкілі енді - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Күрес: Азия Федерациясына Қазақстан өкілі енді

Күрес: Азия Федерациясына Қазақстан өкілі енді

Нью-Делиде (Үндістан) Азия чемпионатының алдында Азия күрес Кеңесінің бас Ассамблеясы өтті. Осы жиында алдағы 4 жылдық мерзімге аталған ұйымның жаңа атқарушы комитеті сайланды. Қазақстан атынан аталмыш жиынға Қазақстан күрес Федерациясының бас хатшысы Жаңаберген Кармандаев, халықаралық қатынастар жөніндегі менеджер Елмира Тасимова қатысты. Бұл туралы Қазақстан күрес федерациясы баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады «Аламан».

  • 19 Сәуiр 2013
  • 353
Фото - Caravan.kz

Азия күрес Кеңесінің Президенті ретінде Доктор Чанг Кью Ким (Оңтүстік Корея) қайта сайланды.

Біз үшін қуанышты хабар да бар. Енді, Азия қауымдастығының сапында Қазақстан өкілі де бар. Ол — Елмира Тасимова. Е.Тасимова көп жылдан бері спорт, соның ішінде күрес саласында еңбек етіп келеді.

AAWC атқарушы комитетінің жаңа құрамы:
1. Доктор Ким Чанг Кью (Оңтүстік Корея) — президент
2. Вангсан Сучантабутр (Тайланд) — AAWC атқарушы комитетінің мүшесі
3. Абдулла Мажхреби (Йемен) — AAWC атқарушы комитетінің мүшесі
4. Долгосурен Дагвадорж (Моңғолия) — AAWC атқарушы комитетінің мүшесі
5. Радж Синг (Үндістан) — AAWC атқарушы комитетінің мүшесі
6. Хироаки Цукамото (Жапония) — AAWC атқарушы комитетінің мүшесі
7. Тасимова Елмира (Қазақстан) — AAWC атқарушы комитетінің мүшесі.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера