Қазақстандық хоккейшілер бүгін Оңтүстік Корея құрамасымен кездеседі - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық хоккейшілер бүгін Оңтүстік Корея құрамасымен кездеседі

Қазақстандық хоккейшілер бүгін Оңтүстік Корея құрамасымен кездеседі

Бүгін шайбалы хоккейден Әлем чемпионаты аясында Қазақстанның құрамасы Оңтүстік Кореямен кездеседі.

  • 19 Сәуiр 2013
  • 344
Фото - Caravan.kz

Венгрияның Будапешт қаласында өтетін матч Астана уақыты бойынша сағат 16:30-да басталады. Бұған дейін біздің хоккейшілер Венгрия құрамасынан 2:1 есебімен ұтылған болатын. Сол себепті алдағы екі ойында Оңтүстік Корея мен Италия командаларын жеңуі керек. Сонда ғана біз «А» дивизионының жоғары сатысына көтерілеміз. Айта кетейік, соңғы жеңілістен кейін Қазақстан құрамасы 6 ұпаймен үшінші орында келеді. Бірінші орында — Италия, ал екінші орында мадиярлар орналасты.

Букмехерлердің болжамына сенсек, бүгінгі ойында Қазақстан хоккейшілері Оңтүстік Кореяның ойсырата ұтады. Олардың коэффиценттері мынадай: Қазақстанның жеңісі — 1,02, Оңтүстік Кореяның жеңісі — 21,1. Алайда Оңтүстік Корея хоккейшілерінің соңғы ойында Венгрия құрамасын 5:4 есебімен ұтып кеткенін ұмытпау қажет.