Жоғары лига: Тараздық волейболшылар мерзімінен бұрын ел чемпионы атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
0 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жоғары лига: Тараздық волейболшылар мерзімінен бұрын ел чемпионы атанды

Жоғары лига: Тараздық волейболшылар мерзімінен бұрын ел чемпионы атанды

Қызылордада волейболдан Жоғары лиганың «Б» тобындағы ерлер командалары арасында ел чемпионатының ақтық 5-ші туры өтіп жатыр.

  • 22 Сәуiр 2013
  • 297
Фото - Caravan.kz

17 сәуірде басталған бәсекеде тараздықтар («Тараз-ТарМУ») мерзімінен бұрын ел чемпионы атанды. Қазір олардың қоржынында 33 ойыннан кейін 89 ұпай бар. Тараздықтардан атыраулықтар («Атырау-2») — 14, ақтаулықтар («Мұнайшы») — 16, хромтаулықтар («ТНК Қазхром-2») — 19, қызылордалықтар («Қорқыт-Ата-ҚМУ») — 53, қостанайлықтар («Қостанай») — 62, астаналықтар («Астана-Ұлан») — 66, өскемендіктер («Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс-3») — 86 ұпайға қалып қойды.

Бүгін Тараз-Өскемен, Ақтау-Астана, Хромтау-Атырау, Қызылорда-Қостанай командалары күш сынасуда. Бұған дейінгі турларда Атырау, Ақтау, Хромтау құрамалары өз қарсыластарына бірде-бір ұпай ұстатпаған болатын. Сондықтан күміс және қола жүлдегерлер ертеңгі ақтық ойында белгілі болады. Онда атыраулықтар тараздықтармен, астаналықтар хромтаулықтармен, қостанайлықтар ақтаулықтармен, өскемендіктер қызылордалықтармен кездеседі. Атыраулықтар екі рет 3:1 есебімен басым түсіп, екі рет — 2:3, бір рет 1:3 есебімен ұтылған болатын. Хромтаулықтар мен ақтаулықтар төрт ойында да қарсыласын ойсырата жеңіп, өскемендіктер бір рет ел чемпионатындағы жалғыз жеңісіне қол жеткізіп, қалған үш кездесуде 3 ұпайды толық өз қарсыласына ұстатқан.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера