Алматылық волейболшы жігіттер клубтық Азия чемпионатында жеңіліссіз келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылық волейболшы жігіттер клубтық Азия чемпионатында жеңіліссіз келеді

Алматылық волейболшы жігіттер клубтық Азия чемпионатында жеңіліссіз келеді

Бүгін Иранның Тегеран қаласында волейболдан өтіп жатқан ерлер командалары арасындағы XIV Азия чемпионатының плей-офф кезеңі аяқталады.

  • 25 Сәуiр 2013
  • 338
Фото - Caravan.kz


Онда ел намысын қорғап жатқан Геннадий Паршин жаттықтыратын Алматы қаласының «Алматы» командасы жеңіліссіз келеді. «Д» тобында өнер көрсеткен олар омандықтарды («Saham») — 3:1, Жапония («Toyoda Gosei Trefuer») мен Мальдивтің волейболшыларын 3:0 есебімен жеңген болатын. Одан кейін плей-офф кезеңінде «В» тобында 1-2 орын алған Катардың «Al-Rayyan» мен Ирактың «South Gas Club» командаларымен «F» тобында жұп құраған еді. Кеше алғашқы сында ирактықтарды 3:2 есебімен ұтты. Бүгін енді жапондықтардан 3:1 есебімен басым түскен катарлықтармен кездеседі. Көш бастап келе жатқан «алматылықтар» өз орнын сақтап қалатын болса ширек финалда «Е» тобында төртінші орын алған командамен кездесетін болады.