Қазақстан үздіктер тізіміне енді - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан үздіктер тізіміне енді

Қазақстан үздіктер тізіміне енді

Соңғы жылдары қысқы маусымдар қорытындысындағы тізімге ілікпей жүр едік, ал биыл төрт жүлдемен 17-орынға орналасыппыз. Мұнда барлық әлем чемио­нат­та­рындағы жүлделер есепке алынып, қай ел­дің спортшылары қанша медаль алғаны сана­лады, деп жазады alasharena.kz.

  • 27 Сәуiр 2013
  • 689
Фото - Caravan.kz

Енді осыны тарқатып шығайық.

Жыл сайын дүниежүзілік бейресми жал­пы­командалық қорытынды есеп жүр­гізіледі. Қыс­қы маусым бөлек, жазғы­сы бөлек. Онда Олим­пиада ойындары бағ­дар­ламасына енетін спорт түрлері бойын­ша өткен әлем чемпионаттары қорытын­ды­ланады.

Яғни барлық әлем чемио­нат­та­рындағы жүлделер есепке алынып, қай ел­дің спортшылары қанша медаль алғаны сана­лады. Сол бойынша бейресми жалпы­ко­ман­да­лық есеп түзіледі.

Қысқы спорт түрлерінде мұн­дай тізімге ілікпегенімізге бірталай жыл болған. Шамамен 17-18 жыл болған шығар. Өйткені біз­дің есімізде қалғаны — сонау 1995-96 жыл­дардағы жүл­делер ғана.

1995 жылы қазақ спор­ты­ның жарық жұлдызы Владимир Смир­нов Тан­дер-Бейде (Канадада) өткен әлем чем­пио­натында үш алтын, бір қола алған. Ал конькиші қызымыз Людмила Прока­ше­ва 1995 жылғы әлем чемпионатында клас­сикалық көпсайыстан күміс жүлдегер атанып, 1996 жылы 3000 метр­лік қашық­тықта қола жүлде еншілеген.

Рас, қа­зір конь­кимен жүгіру спортынан Қазақстан ұлт­тық құрамасының бас бапкері болып жүрген Ва­дим Саютин 1999 жылғы әлем чемпионатында күміспен күптеліп (клас­сикалық көпсайыс), 2001 жы­лы 10 000 метр­лік алыс қашықтықта қо­ла ме­даль же­ңіп алған. Бірақ Саютин 1994 жы­лы Ре­сей­дің конь­киші қызы Светлана Баже­но­ва­ға үйленіп, сол жылдан бастап Ресей азамат­тығын алып, осы елдің намысын қорғаған…

Айтпағымыз бұл емес. Тек әлгі қысқы мау­сымдар қорытындысындағы тізімге ілікпей кет­кенімізге бірнеше жыл бол­ға­нын тілге тиек ету еді. Сол тізімге көптен бері биыл ғана ілігіп отыр­мыз.

Биыл қысқы Олимпиада ойындары бағ­дарламасына кіретін 15 спорттың түрі­нен әлем чем­пионаты өтіп, барлығы 98 медаль жиынтығы сарапқа салынуы керек екен. Соның 97-сі са­рап­қа салынып бо­лып, біреуі ғана қалыпты. Тек шайбалы хок­кейден ерлер арасындағы әлем чем­пионаты өтпеген.

Өздеріңіз білесіздер, шай­балы хоккейден ерлер арасындағы биылғы әлем чемпионаты 3-9 мамыр ара­лығында Шве­ция мен Финляндияда өтеді. Бірақ дәл осы бүкіләлемдік біріншіліктің қорытындысы бей­рес­ми жалпыкоман­далық есепке көп өзгеріс енгізбейді.

Сон­дықтан біз осы бейресми жалпы­команда­лық есептегі тізімге көз жүгіртуді жөн са­нап отырмыз.

Жоғарыда жазғанымыздай, Қазақстан — екін­ші ондықта, Австралиямен 17-­орынды бөлі­сіп тұрмыз. Биыл біз де, Ав­стра­лия да әлем чем­пионаттарынан төрт жүлде (бір алтын, бір күміс, екі қола) олжалаппыз.

Біздің елден кімдердің жүлде алғанын біле­сіздер. Конькиші Денис Кузин 22 нау­рыз күні Со­чиде өткен әлем чемпионатында 1000 метр­лік қашықтықта үздік шығып, алтынмен аптал­ды.

Денис Тен 15 наурыз күні мәнерлеп сыр­ғанаудан Канаданың Лондон қала­сында өткен әлем чемпионатында (ерлер арасындағы сын­да) екінші орын алып, күміспен күптелген болатын.

Бұған дейін шаңғышыларымыз екі қола алған болатын. 20 ақпаннан бастап, 2 наурызға дейін Италияның Валь-ди-Фьемме деген курор­тында өткен ХХХІХ әлем чемпионатында ел қоржынына екі қола түскен-ді. Әуелі Алексей Полторанин мен Николай Чеботько командалық спринт­те үшінші орынға ие болса, одан ке­йін Алексей Полторанин 50 шақырымдық аламан бәйгеде мәре сызығын тағы да үшінші болып қиған.

Міне, осылай биылғы қысқы спорт түрлері­нен өткен әлем чемпионаттарынан төрт жүлде ал­ғанбыз. Бұларға қоса, 27 қаңтардан 3 ақпанға дейін бендиден Шве­цияда өткен ХХХІІІ әлем чем­пио­на­тында қола медаль жеңіп алғанбыз. Бірақ бенди Олимпиада ойындары бағ­дар­ламасына кірмейді. Сондықтан бұл жүл­деміз биылғы қысқы маусым қорытын­дысындағы бейресми жалпыкомандалық есепке енбейді.

Биыл 15 спорттың түрінен өткен әлем чем­пио­наттарында 26 ел жүлде алыпты. Енді солар­ға атүсті тоқталып өтейік:

1. Норвегия — 34 (17 алтын, 7 күміс, 10 қола)

/биатлон — 11 (8+2+1); шаңғы жарысы — 16 (7+4+5); тау шыңғысы — 2 (1+0+1); шаңғымен тұғырдан секіру — 2 (1+0+1); шаңғы қоссайысы — 1 (0+1+0); сноуборд — 2 (0+0+2)/.

2. АҚШ — 28 (13+6+9)

/тау шаңғысы — 5 (4+0+1); фристайл — 8 (3+1+4); мәнерлеп сырғанау — 2 (2+0+0); сноуборд — 2 (1+1+0); хоккей (әйелдер) — 1 (1+0+0); шаңғы жарысы — 1 (1+0+0); шаңғымен тұғырдан секіру — 1 (1+0+0); конькимен жарысу — 3 (0+1+2); бобслей — 2 (0+1+1); биатлон — 1 (0+1+0); скелетон — 1 (0+1+0); шаңғы қоссайысы — 1 (0+0+1)/.

3. Германия — 26 (9+7+10)

/шана спорты — 8 (4+3+1); бобслей — 4 (2+0+2); тау шыңғысы — 3 (1+1+1); сноуборд — 3 (1+0+2); шаңғы қоссайысы — 2 (1+0+1); биатлон — 2 (0+1+1); шаңғымен тұғырдан секіру — 1 (0+1+0); мәнерлеп сырғанау — 1 (0+1+0); конькимен жарысу — 2 (0+0+2)/.

4. Канада — 29 (7+12+10)

/фристайл — 7 (2+4+1); сноуборд — 4 (2+2+0); мәнер­леп сырғанау — 4 (1+2+1); шорт-трек — 5 (1+1+3); бобслей — 1 (1+0+0); кёрлинг — 2 (0+1+1); шана спорты — 2 (0+1+1); хок­кей (әйелдер) — 1 (0+1+0); шаңғы жарысы — 1 (0+0+1); конькимен жарысу — 1 (0+0+1); скелетон — 1 (0+0+1)/.

5. Ресей — 23 (7+5+11)

/конькимен жарысу — 5 (2+0+3); шаңғы жарысы — 5 (2+0+3); мәнерлеп сырғанау — 2 (1+0+1); сноуборд — 2 (1+0+1); скелетон — 2 (1+0+1); шорт-трек — 2 (0+2+0); биатлон — 2 (0+1+1); бобслей — 1 (0+1+0); фристайл — 1 (0+1+0); хоккей (әйелдер) — 1 (0+0+1)/.

6. Франция — 18 (6+7+5)

7. Нидерландтар — 17 (6+7+4)

8. Оңтүстік Корея — 12 (6+5+1)

9. Қытай — 9 (6+1+2)

10. Швейцария — 9 (4+5+0)

11. Австрия — 16 (3+7+6)

12. Швеция — 11 (2+7+2)

13. Словения — 7 (2+3+2)

14. Ұлыбритания — 5 (2+1+2)

15. Польша — 7 (1+3+3)

16. Украина — 5 (1+1+3)

17. Қазақстан — 4 (1+1+2)

17. Австралия — 4 (1+1+2)

19. Чехия — 3 (1+1+1)

20. Финляндия — 4 (1+0+3)

21. Беларусь — 1 (1+0+0)

22. Жапония — 8 (0+4+4)

23. Италия — 7 (0+4+3)

24. Латвия — 2 (0+1+1)

25. Хорватия — 1 (0+1+0)

26. Испания — 1 (0+0+1)

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера