Қазақстандық жағажай волейболшылары «Fuzhou Open» жарысында үздік ондыққа енді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық жағажай волейболшылары  «Fuzhou Open» жарысында үздік ондыққа енді

Қазақстандық жағажай волейболшылары «Fuzhou Open» жарысында үздік ондыққа енді

Жағажай волейболынан Қытайдың Фучжоу қаласында 23-28 сәуір күндері «Open» дәрежесіндегі Әлемдік турдың «Fuzhou Open» жарысы өтті.

  • 29 Сәуiр 2013
  • 453
Фото - Caravan.kz


Онда ел құрамасының үздігі Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко 1/8 финалға дейін жетті, тоғызыншы орынға табан тіреп, қоржынына 250 ұпай қосты. Ал алғашқы сында сүрінген Дмитрий Яковлев пен Алексей Кулешов жұбы болса 41-ші орынды (50 ұпай) қанағат тұтты. Сондай-ақ, әйелдер құрамасының үздігі Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова 25-ші сатыдан көрініп, рейтингтік қоржынына 150 ұпай қосты. Дәрежелік раундта швейцариялықтарды қапы қалдырған олар топтық сында «G» тобында бақ сынады. Өкінішке орай, Нидерланды мен Бразилия спортшыларынан — 0:2, ал канадалықтардан 1:2 есебімен жеңіліп қалды.