«Ақжайықтың» қақпашысы С.Покатилов Италияға барады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Ақжайықтың» қақпашысы С.Покатилов Италияға барады

«Ақжайықтың» қақпашысы С.Покатилов Италияға барады

21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы 30 сәуір-4 мамыр күндері Италияда «Милан» футбол клубының атақты базасы - «Миланеллода» оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

  • 30 Сәуiр 2013
  • 338
Фото - Caravan.kz

«Ақжайық» футбол клубының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, осы жиынға оралдықтардың жас қақпашысы, 1992 жылғы Стас Покатилов шақырылды. 2 мамырға «Милан» командасының жастар құрамасымен жолдастық кездесу өткізу белгіленген. Оның құрамында Андреа Петанья, Бриан Кристанте, Симоне Андреа Ганц, сондай-ақ Филипп Просенюк (Австрия), Боатенг (Гана) сынды жас жұлдыздар өнер көрсетеді. Бұл жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу ойындарына дайындалып жатқан қазақстандықтар үшін пайдалы болмақ.

Биылғы маусымнан бастап «Ақжайық» командасының қақпасын қорғап, барынша сәтті ойынымен көзге түсіп жүрген С.Покатилов шеберлігін осылайша жетілдіре түспек.