Евгений Королев әлемнің 37-ші ракеткасын қапы қалдырды - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Евгений Королев әлемнің 37-ші ракеткасын қапы қалдырды

Евгений Королев әлемнің 37-ші ракеткасын қапы қалдырды

Қазақстандық теннисші Евгений Королев немістің Мюнхен қаласында жалауын көтерген ATP BMW Open-2013 додасының екінші айналымына жолдама алды. Бұл хақында Vesti.kz жазып отыр.

  • 1 Мамыр 2013
  • 459
Фото - Caravan.kz

Бірінші айналымда жерлесіміз Кипрдің 27 жастағы өкілі Маркос Багдатисті қапы қалдырды. Алғашқы сетте кипрлық спортшының бағы жанып, ол Королевті 2:0 есебімен ұтқан. Бірақ отандасымыз дес бермей, 11-ші геймде брейкке қол жеткізді. Нәтижесінде ойынның алғашқы бөлігі 7:5 есебімен аяқталды.

Екінші партияда жеңімпазды тай-брейк арқылы анықтауға тура келді. Онда Королев қарсыласының алдын орап, 7:3 есебімен озды.

Айта кеткен жөн, АТР рейтингісі бойынша қазақстандық теннисші 195-ші сатыға жайғасқан, ал Багдатис әлемнің 37-ші ракеткасы саналады. Бұған дейін аталмыш қос спортшы өзара шеберліктерін сынап көрмеген.

Келесі айналымда жерлесіміздің жолы Филипп Кольшрайбермен түйіседі. Бұл неміс теннисшісі үшін бәсекедегі алғашқы кездесуге айналмақ.

Айта кетейік, Королев жарыстың негізгі сеткасына біліктілік жарыстары арқылы еніп отыр.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера