Компаниямен жасалған демеушілік келісімшарт Испаниядағы Гран-при жарысынан бастап «Astana» сөзі бар логотипті команданың темір тұлпарының дефлекторлары мен тұмсығының сыртқы бөлігіне орналастыруды көздейді. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.
«Формула-1» әлемдегі ең танымал спорт түрлерінің бірі және оның аудиториясының жаһандық қамтылуы Астанаға тамаша маркетингілік тұғырнама ұсынатын болады. Астанада және жалпы Қазақстанда спорт пен туризмді дамыту мақсатында биылғы жылғы ықпалдастықты тағатсыздана тосудамыз», — дейді TAK Group-тың өкілі Артур Ардавичус.