Сочи-2014 Олимпиадасы жеңімпаздарына 250 мың доллар көлемінде сыйақы беріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сочи-2014 Олимпиадасы жеңімпаздарына 250 мың доллар көлемінде сыйақы беріледі

Сочи-2014 Олимпиадасы жеңімпаздарына 250 мың доллар көлемінде сыйақы беріледі

Қазақстанның Ұлттық олимпиада құрамасын Сочиде өтетін қысқы ойындарға дайындық бойынша іс-шаралар өткізу үшін 1 млрд-тан астам теңге қажет, деп хабарлады Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов Primeminister.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында.

  • 11 Мамыр 2013
  • 531
Фото - Caravan.kz

«Таяу арада республикалық бюджеттік комиссиясында (РБК) Сочидегі Олимпиадаға команданы дайындау үшін қажетті 1 млрд теңге сомаға өтінім қаралады», — деді Е.Қанағатов.

Олимпиада құрамасын дайындауға ағымдағы шығындар мәселесіне қатысты «қазір шығындарды есептеу өте қиын. Бұл жерде кешендік тәсіл қажет. Бізде ұлттық командалар штаты дирекциясының қаражаты бөлінуде, «Самұрық-Қазына» қорының бас демеушісінен біз 472 млн теңге алдық, жергілікті деңгейде әкімдіктер спортшыларды қолдайды және оларға жағдай жасайды».

Сонымен қатар, ведомство басшысының орынбасары спортшыларды жүлделі орындар үшін сыйақы бұрыңғыдай болып қалатынын хабарлады.

«Сыйақы мөлшерлерін бұрынғыдай қалдыруды ұсындық, ол Лондон, Ванкувер Олимпиадаларында — 1 орынға 250 мың доллар, 150 мың доллар — екінші орынға және үшінші және алтыншы орынға дейін — 75 мың доллар болды. Осы қолдау бұрыңғы деңгейде қалады деген үміттемін», — деп қортындылады Елсияр Қанағатов.

Қазіргі уақытта Қазақстанның Ұлттық олимпиада құрамасы Сочи-2014 Олимпиадасына қатысу үшін спорттың 6 түрі бойынша 22 лицензия жеңіп алды.

Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі агенттіктің болжамына сәйкес Қазақстан жылдың соңына дейін спорттың 10 түрі бойынша 40-тан астам лицензия жеңіп алады.

Сочи қаласындағы (Ресей) XXVII Қысқы Олимпиада ойындары 2014 жылдың 7-нен 23-ші ақпанға дейін өтетіні мәлім. Жарыс барысында 15 спорт түрі бойынша 98 медаль жиынтығы ойнатылады. Лицензиялық жарыс 2014 жылдың қаңтарына дейін жалғасады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера