Сансепполькро мен Флоренция қалалары арасында 181 шақырымды жүріп өткен велошабандоздардың арасы «ә» дегенен-ақ сетінеп кетті. Үзік-үзік болып қалды. Максим Бельков көшбасында келе жатты, артынан Феллине, Голаш, Людвигссон, Пирацци жәнеде Чалапуд бастаған топ келе жатты. Оларды іркес-тіркес келе жатқан пелотон қуды. Кэвендиш, Уиггинс, Уран мен Энао сынды үздіктер пелотонның артында қалды. Бірін-бірі қуып, біршама километр жолды артқа тастады.
170 километрге дейін Бельков жеке дара келе жатқан еді, Пантано, Людвигссон мен Бетанкур үштігі оны қуып жетті. Енді «квартет» болып мәреге бет алды. Пелотон да қалыспай келе жатты. Тек мықты шайтанарбашылардың бірі Хешедаль ең артта қалып қойды.
Мәреге жеткенде үздіктер қатарында «Астана» велокомандасының мүшесі Нибали да болды.