Астанада С. Нұрмағамбетов атындағы халықаралық турнирдің финалдық бәсекелері өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада С. Нұрмағамбетов атындағы халықаралық турнирдің финалдық бәсекелері өтуде

Астанада С. Нұрмағамбетов атындағы халықаралық турнирдің финалдық бәсекелері өтуде

Бүгін Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы халықаралық бокс турнирінің финалы басталды.

  • 13 Мамыр 2013
  • 378
Фото - Caravan.kz

Оған Халық қаһарманы С. Нұрмағамбетов құрметті қонақ ретінде қатысуда.

18 жыл бойы өтіп келе жатқан дәстүрлі дода биыл алғаш рет Астанада жалауын желбіретті. Оған жыл сайын алыс және жақын шетелдерден 150-ден астам белгілі спортшылар қатысады.

Айта кету керек, Серік Сәпиев, Геннадий Головкин, Бахтияр Артаев, Мұхтархан Ділдәбеков, Еркебұлан Шыналиев және басқа да былғары қолғап шеберлері әскер қатарында жүріп, дәл осы турнирде көзге түскен болатын.

Биылғы бәсекеге еліміздің облыстарынан 13 команда, Ирак, Моңғолия, Сирия, Түркіменстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен 7 команда, барлығы 125 боксшы қатысты. Финалға 10 салмақ дәрежесі бойынша 20 спортшы шығып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, жарыс 8 мамыр күні басталған болатын.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера