Нибали «Джиро д Италия» көпкүндігінің оныншы кезеңінде үшінші болып келді - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нибали «Джиро д Италия» көпкүндігінің оныншы кезеңінде үшінші болып келді

Нибали «Джиро д Италия» көпкүндігінің оныншы кезеңінде үшінші болып келді

Кеше "Джиро дИталия" супер көпкүндiгiнiң оныншы кезеңiнде қазақстандық Astana Pro Team клубының велошабандозы Винченцо Нибали мәреге үшiншi болып келiп, көшбасшы жейдесiн сақтап қалды.

  • 15 Мамыр 2013
  • 227
Фото - Caravan.kz

Дүбiрлi доданың алғашқы таулы кезеңiнде бiрiншi орынды Sky командасының мүшесi Ригоберто Уран жеңiп алды. Уран бiрiншi санатты екi таулы биiктiктен тұратын Корденонс пен Альтопьяно қалалары арасындағы 167 шақырымдық жолды 4 сағат 37,42 минут iшiнде бағындырды. Осы жетiстiгiнiң арқасында ол жалпы есепте үшiншi орынға көтерiлдi. Ураннан 20 секундқа қалып қойған AG2R командасының велошабандозы Карлос Бетанкур көмбеге екiншi, ал Астана командасының үмiтi Нибали кезең жеңiмпазына 31 секунд есе жiберiп, мәре сызығын үшiншi болып кестi.

Осылайша, Нибали өзiн өкшелеп келе жатқан ең басты қарсыластары — Кадель Эванс пен Брэдли Уиггинстi аз да болса артқа тастады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера