Өзiнiң кезектi жекпе-жегiнде Қанат Ислам доминикандық Хосе Антонио Родригестi нокаутпен жеңдi.
Доминикандықтың отаны Санто-Доминго қаласында өткен кездесу бiрiншi раундта-ақ аяқталды.
Бұл Қанаттың 13 кездесудегi 13-шi жеңiсi болып табылады. Қарсыластың 11-iн ол нокаутпен жеңдi. Доминикандық үшiн бұл 15-шi жеңiлiсi. Ол өз мансабында барлығы 20 жекпе-жек өткiзген.
Біздің жаңалықтарымызды қадағалаңыздар
![]()
Айта кетейiк, Қанат 2012 жылы Родригеспен жұдырықтасқан болатын. Ол кезде де жерлесiмiз қарсыласын үшiншi раундта сұлатқаны есiмiзде.
Еске сала кетейiк, бұл жекпе-жектiң алдында Қанат Ислам эквадорлық боксшы Эдуардо Флорестi тiзе бүктiрген еді.
Құлақтандыру:
«Шетелге шығарының алдында өзінің алдағы жоспарымен бөліскен Қанат Исламның төрт дүниесі түгел деп айта алмайсың. Ешкімге тіс жармаған мұңы мен сырын КТК арнасына айтқан. «Қалың қытайдың арасынан қазағына жеткенше асығып еді. Амал қанша, қазақ құрамасының қатарынан бір орын табылмаған қандасымыз қайтадан шетелге кетуге мәжбүр».
Қанат Исламның «Жүрекжарды» бағдарламасына берген сұхбатын тамашалаңыздар.