Нибалидің басты қарсыластары «Джиро дИталия» жарысынан шығып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нибалидің басты қарсыластары «Джиро дИталия» жарысынан шығып қалды

Нибалидің басты қарсыластары «Джиро дИталия» жарысынан шығып қалды

«Джиро дИталия» көпкүндігінің қазіргі жеңімпазы Garmin-Sharp командасының шабандозы Рейдер Хешедаль мен биылғы маусымның басты фавориттерінің бірі Брэдли Уиггинс (Sky) сырқаттанып қалғандарына байланысты «Джиро дИталия» жарысынан шығып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.

  • 17 Мамыр 2013
  • 354
Фото - Caravan.kz

Екі спортшы да доданы ары қарай жалғастыра алмайды. Бұл жағдай Astana Pro Team командасының және «Джиро дИталия» көпкүндігінде көш бастап келе жатқан оның капитаны Винченцо Нибалидің жалпы есепте жеңіске жетуіне қосымша мүмкіндіктер береді.

Былтыр Хешедаль «Джиро» жарысын жеңіп алған болатын. Биылғы доданың жалпы кестесінде ол 38-орында келе жатқан болатын. «Тур де Франс» супер көпкүндігінің жеңімпазы британиялық велошабандоз Уиггинс жарыс барысында 12-орында келе жатты.

Еске сала кетейік, «Джиро дИталия» көпкүндігінің 12 кезеңі бойынша Винченцо Нибали бірінші орында келеді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера