Ширек финалда отандық спортшымыз корт иесі Мари Танакиді 6:2, 6:1 есебімен тізе бүктірді.
Ақтық сынға шығу үшін Зарина Дияс турнирдің жетінші ракеткасы Тунистен келген Онс Жаберді ұту қажет.
Еске сала кетейік, бұның алдында 19 жасар қазақстандық теннисші жапондық Рика Фудживаруды 5:7, 7:5, 6:0 есебмен жеңген болатын.