«Ақжайықтың» қаржы мәселесі шешілетін болады - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Ақжайықтың» қаржы мәселесі шешілетін болады

«Ақжайықтың» қаржы мәселесі шешілетін болады

Қазақстан чемпионаты премьер-лигасында өнер көрсететін «Ақжайықтың» қаржы мәселесі шешілетін болады.

  • 17 Мамыр 2013
  • 449
Фото - Caravan.kz

«Ақжайық» футбол клубының бас директоры Рашид Хуснутдиновтың хабарлағанындай, команда басшылығы облыс әкімі Нұрлан Ноғаевпен кездескен. «Облыс басшысы футболшыларға қалыптасқан жағдайды түсініп, сабыр сақтағаны үшін ризашылығын білдірді. Клубтың ойыншылар мен бапкерлер алдындағы қарызы түгелдей жабылатын болады. Сонымен қатар команданың чемпионатқа одан әрі қатысуы үшін қаржы бөлінеді. Тағы бір жаңалық, камерундық легионер Саджо Хаман «Ақжайықтан» кетпейтін болды. Қаржы мәселесі шешілгеннен кейін Қазақстан футбол федерациясы «Ақжайықтың» алты ұпайын кері қайтарып береді деген үміт те бар», деді Р.Хуснутдинов.

«Ақжайық» ертең өз алаңында «Атырау» командасын қабылдайды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера