FILA: Күрес ережелеріне өзгерістер енгізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
FILA: Күрес ережелеріне өзгерістер енгізілді

FILA: Күрес ережелеріне өзгерістер енгізілді

Халықаралық күрес федерациясы (FILA) спорттың бұл түрін Олимпиада ойындарының бағдарламасында сақтап қалу мақсатында қолданыстағы ережелерге кейбір өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдады.

  • 20 Мамыр 2013
  • 356
Фото - Caravan.kz

Сенбі күні Мәскеуде өткен FILA конгресінде палуандарды жаңа жүйе бойынша бағалау, әйелдер арасындағы күрестің салмақ дәрежесінің санын көбейту, қазір екі минуттық үш кезеңнен тұратын жекпе-жек ұзақтығын енді үш минуттық екі кезеңге ауыстыру сияқты жаңа ережелер қабылданды.

FILA президенті Ненад Лалович бұл өзгерістер күрестің олимпиадалық ойындар санатында қалуына септеседі деген үміт білдірді.

Ақпан айында халықаралық олимпиада комитеті 2020 жылы өтетін олимпиада бағдарламасынан күресті алып тастау туралы ұсыныс айтқан еді. Бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім биыл қыркүйекте Буэнос-Айресте қабылданады, деп хабарлайды «Азаттық».

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера