Нибали «Джиро дИталия» жарысының «корольдік» кезеңінде жеңімпаз атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нибали «Джиро дИталия» жарысының «корольдік» кезеңінде жеңімпаз атанды

Нибали «Джиро дИталия» жарысының «корольдік» кезеңінде жеңімпаз атанды

Қазақстандық «Астана» командасының велошабандозы Винченцо Нибали «Джиро дИталия» көпкүндігінің «корольдік» кезеңінде женімпаз атанды, деп хабарлады Vesti.kz.

  • 26 Мамыр 2013
  • 415
Фото - Caravan.kz

Нибали қашықтықтың соңғы шақырымдарында тауға қарай қуатты секіріс жасап, жеңіске жетті. Сөйтіп бәсекелестер «Астана» көшбасшысының шаңын қауып қалды. Оған жарыс жолындағы қар да бөгет бола алмады. 20-шы кезеңді колумбиялық Фабио Дуарте Нибалиден 17 секундтен кейін аяқтады, күштілердің үштігін тағы бір колумбиялық Ригоберто Уран тұйықтады. Қазақстандық команданың тағы бір шабандозы Фабио Ару алтыншы орынды иеленді.

Бұл жеңіс жарыстың бас жіктелімінде Нибалидің бірінші орынды иеленуіне кепілдік берді. Өйткені 26 мамырда өтетін спринтерлік кезең жалпы есептегі күштердің арасалмағына ықпал ете алмайды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера