Бұл туралы Vesti.kz жазып отыр.
Біліктілік сыны арқасында бәсекенің негізгі кезеңіне жолдама алған Г. Воскобоева америкалық Грейс Минді 4:6, 6:4, 7:5 есебімен ұтты. Жерлесіміздің келесі қарсыласы италиялық Роберто Винчи мен жарыс қожайыны Стефани Форетц арасындағы матчтың жеңімпазы болады.
Сондай-ақ бұған дейін париждік корттарда Қазақстанның тағы бір өкілі — Юлия Путинцева сәтті өнер көрсеткен болатын. Ол өзінің бастапқы матчында жапондық Аюми Моритадан 6:2, 6:3 есебімен басым түскен болатын.