XXII Қысқы Олимпиада ойындары: 500-600 мың теңгенің киім-кешегі тігіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+8 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
XXII Қысқы Олимпиада ойындары: 500-600 мың теңгенің киім-кешегі тігіледі

XXII Қысқы Олимпиада ойындары: 500-600 мың теңгенің киім-кешегі тігіледі

2014 жылы Ресейдің Сочи қаласындағы XXII Қысқы Олимпиада ойындарына қатысатын әрбір қазақстандық спортшыға 500-600 мың теңгенің киім-кешегі тігіледі.

  • 28 Мамыр 2013
  • 726
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлім етті.

Оның айтуынша, Ванкувер Олимпиадасы кезінде әрбір қазақстандық спортшының киім-кешегіне 370 мыңға жуық қаржы кетсе, осы жолғы Сочи Олимпиадасы аясында бір спорттық киім-кешек қоржынына 500-600 мың теңге жұмсалмақ. «Бұл тек мемлекеттің ақшасы ғана емес. Оның ішінде демеушілердің қаржысы да бар. Ал киім-кешек қоржынында шұлықтан бастап бас киімге дейінгі спорттық киім-кешек жиынтығы болады», — деп атап көрсетті Д.Ахметшәріп.

Қазақстан құрамасының XXII Қысқы Олимпиада ойындарында киетін киім үлгілерін таңдау кезінде оның түсіне ерекше мән беріледі. Себебі мемлекеттік туға сай келетін дәстүрлі көк пен сары түстер аралас спорттық киіммен шыққан кезде, қазақстандық спортшыларды Украина мен Швеция құрамаларымен шатастырып жатады.

Қазақстанның ұлттық құрамасының 2014 жылы Ресейдің Сочи қаласында өтетін XXII Қысқы Олимпиада ойындарына киетін киім үлгілері бойынша ашық байқаудың бірінші кезеңі аяқталды.

Оның хабарлауынша, соңғы он күннің ішінде Қазақстанның түкпір-түкпірінен 19 жоба келіп түсті. Түркістандық дизайнер Мұрат Мәлікұлы алғашқылардың бірі болып өз өтінішін жолдады. Одан кейін Алматы, Атырау, Астана, Қостанай, Орал, Қарағанды және Жамбыл облыстарының жобалары түсе бастады. Байқауға қатысуға ниет білдіргендердің ішінде АҚШ-тың Лос-Анжелес және Қытайдың Бейжің қаласында тұратын үміткерлер де бар. Олар — сол жақта оқып жатқан қазақстандық студенттер. «Байқаудың бірінші кезеңі бойынша біз үш жұмысты іріктеп алдық. Біріншісі — Бейжіңде оқып жүрген талдықорғандық Доу Гуан Чжоу Таистің жобасы, екіншісі — Атырау қаласындағы «Айоко Бо» сән үйінің жұмысы, ал үшіншісі — танымал «Зибру» компаниясының киім үлгілері. Қазіргі кезде осы жұмыстар www.sport.gov.kz сайтына шығарылды. Үш күн ішінде қазақстандықтар оларды бағалап, дауыс бере алады. Соның қорытындысы бойынша мамырдың 30-ы күні жеңімпаз анықталады», — дейді Д.Ахметшәріп. Жеңімпаз XXII Қысқы Олимпиада ойындарының жолдамасына ие болса, 2-3-ші орын алғандарға олимпиадалық киім-кешек жиынтығы табысталады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера