Өмiрзақ Шөкеев «Джиро дИталия» жеңiмпазын қазақша күреске шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+8 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өмiрзақ Шөкеев «Джиро дИталия» жеңiмпазын қазақша күреске шақырды

Өмiрзақ Шөкеев «Джиро дИталия» жеңiмпазын қазақша күреске шақырды

Бүгiн "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басшысы Өмiрзақ Шөкеев «Pro Team Astana» командасының велошабандозы Винченцо Нибалидi қабылдап, «Джиро дИталия-2013» көпкүндiгiндегi жеңiсiмен құттықтады.

  • 7 Маусым 2013
  • 573
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, велоспорт қордың демеушiлiк көмек беруінiң негiзгi бағыттарының бiрi болып табылады.

«Бiз команданы 2007 жылдан берi қолдап келемiз. Ол бiздiң ең сәттi жобаларымыздың бiрi болып отыр. Осы уақыт iшiнде команда барлық титулдарды иеленiп үлгердi. «Джиро дИталия-2013» көпкүндiгiндегi жеңiс аса жағымды болды. Бүкiл ел команданың жетiстiктерiне көз тiгiп отыр», — дедi Ө.Шөкеев.

Қор басшысының атап өткенiндей, велокоманда «Астана» президенттiк кәсiби спорт клубының «маржаны» болмақ. Сөз арасында ол клубқа халықаралық аренада ел намысын сәттi қорғап жүрген командалар мен спортшылар кiретiнін айтты.

«Бұның құрамына ұлттық спорт түрлерiн де енгiземiз. Мысалы қазақша күрес спорты. 30 маусым күнi қазақ күресiнен «Қазақстан барысы» турнирiнiң финалын өткiземiз. Оқиға аса қызық. 30 мың адамдық стадионды толтырып, бүкiл ел аумағына теледидардан тiкелей эфир көрсетiлiмiн ұйымдастырамыз. Финалды тамашалауға шақырамыз. Бастапқыда ел iшiнде дамытып, кейiн бұл спорт түрiн халықаралық аренаға да шығару жоспарда бар», — деп түйдi сөзiн Ө.Шөкеев.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера